Қысқы

Биатлоннан әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының нәтижесі

Биатлоннан әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Ленцерхайдта (Швейцария) биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Olympic.kz сайты назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынады.

Әйелдер арасындағы эстафетаға Қазақстан сапынан Полина Егорова, Милана Генева және Алина Скрипкина қатысты.

Полина Егорова эстафетаны бірінші болып бастаса, 10-шы орыннан (0+0; +21,8) көрінді. Екінші айналымда ол 12-ші орыннан көрінді. Екінші болып жарыс жолына Милана Генева шығып, үшінші айналымда 13-ші орынға жайғасты.Ал Алина Скрипкина эстафетаның соңғы кезеңнде қосылып, бесінші айналымда 16-шы, алтыншы айналымда 15-ші орында болды. Нәтижесінде Алина, мәреге 15-ші (0+10; +6:32,3) болып жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер