«Қайрат» жолдастық матчта «Легияны» жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТүркияның Белек қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында алматылық «Қайрат» Польшаның «Легия» командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Жолдастық матч 1:0 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. Ойын барысындағы жалғаз голды жас шабуылшы Артур Шушеначев соқты.
Айта кетейік, аталған қос команда бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де тағы бір кездесу өткізеді.