Басқа

Париждегі Премьер-лига турнирі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

news-banner7
mobile-news-top

Парижде каратеден Премьер-лига турнирінің жүлдесіне таласатын спортшылар толық анықталды.

67 келідегі Дидар Әмірәлі ширек финалда Бразилия спортшысынан ұтылса, осы салмақта бақ сынаған Асылбек Мұратов екінші айналымда Азия ойындарының жеңімпазы, жапондық Шинохареге есе жіберді.

75 келідегі Ермек Айназаров ирандық Ашгармен 2:2 есебімен тең түскен болатын. Төрешілер жеңісті ирандық спортшыға берді.

84 келідегі Данияр Юлдашев екінші айналымда Сенегал спортшысынан жеңілсе, Игорь Чехмарев бірінші кезеңде тайпейлік қарсыласынан ұтылды.

Софья Берульцева бірінші кезеңде украиналық каратешіден 0:4 есебімен ұтылды.

Бүгін, 26 қаңтар күні, Қазақстан командасы сапынан Дархан Асаділов турнирдің алтын жүлдесіне таласады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер