ММА

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім?

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Күні кеше Шавкат Рахмонов 21 науыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде жекпе-жек өткізетіні туралы мәлімдеген болатын. Бүгін Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов қазақстандық спортшының қарсыласының есімін атады. Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. 33 жастағы спортшы мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, тек үшеуінде ғана жеңілген. UFC-де 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізген. Оңтүстік африкалық Гаррет Маклеллан, америкалық Эктор Урбина және норвегиялық Эмиль Микті жеңсе, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылған.

Айта кетейік, UFC Fight Night 171 турнирі 21 наурыз күні Лондон қаласында өтеді. "Номад" лақап атымен танымал спортшы өткен жылдың шілде айында UFC-мен келісімшартқа отырды. Осыған дейін UFC турнирлерінде қазақстандық бірде-бір спортшы бақ сынамаған. Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып әлемнің ең беделді ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер