Хоккей

«Барыс» «Салават Юлаев» командасынан жеңіліп қалды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық клуб 53 ойыннан кейін 67 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Ал «Салават Юлаев» 50 ойыннан кейін 55 ұпаймен 15 орында тұр. Жарыстың келесі сатысына шығу мүмкіндігіне қос команда да қол жеткізе алған жоқ.

Айта кетерлігі, екі команданың соңғы төрт кездесуінде «Барыс» хоккейшілері басым түсіп келеді. Айдын иелері сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында бар күшін салды. Алғашқы минуттан ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңде ресейлік хоккейшілер «Барыс» қақпасына екі шайба соғып кетті. Алдымен 12-минутта Дмитрий Кугрышев қанжығасын майласа, 18-минутта Тезму Хартикайнен есепті ұлғайта түсті.

«Барыс» хоккейшілері екінші кезеңде таразы басын теңестіруге ұмтылды. Олардың қатарынан 32-минутта Атте Охтамаа мергендік көрсетті. Үшінші кезеңде «Салават Юлаев» сапынан 41-минутта Александр Кадейкин гол соғып кетті. Оған 43-минутта елордалық хоккейші Роман Старченко бір шайбамен жауап берді. Ал 49-минутта ресейлік командадан Тезму Хартикайнен тағы голдың авторы атанды. «Салават Юлаев» сапынан 56-минутта Никита Сошников қорытынды есепті белгіледі. «Барыс» қарсыласынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер