«Ақжайық» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізеді

«Ақжайық»  алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Оралдық «Ақжайық» футболшылары 2020 жылғы маусымға дайындықты Шымкентте бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Батыс Қазақстан клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасы оралдық клубтың 26 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігіне баратындығын хабарлайды. «Ақжайықтың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 15 ақпанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, оралдық «Ақжайық» 2019 жылғы маусымда бірінші лига командалары арасында өткен Қазақстан чемпионатында 3-орын алып, Премьер-лигаға жолдама алу үшін өтпелі матчтарда ойнау құқығын иемденген еді. Тек олар «Тараздан» ұтылып (0: 0 және 1: 3), ҚПЛ-ге шыға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер