Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымынан аса алмады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЮлия Путинцева Australian Open 1/8 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисшіге әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық Симоне Халеп қарсылас атанған. Путинцева Симонеден екі сетте ұтылды - 1:6, 4:6.
1 сағат 19 минутқа созылған кездесу барысында Путинцева екі қосарланған қате жіберіп, екі брейк-пойнтты жүзеге асырды.