Тигран Барсегян: Чемпиондар лигасында доп тепкім келеді

Тигран Барсегян: Чемпиондар лигасында доп тепкім келеді
news-banner7
mobile-news-top

Тигран Барсегян«Астана» футбол клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол елордалық команданың ойыншысы ретіндегі алғашқы сұхбатын клубтың баспасөз қызметіне беріп, өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мен өткен маусымды қызылордалық «Қайсар» сапында өткіздім. Менің ойыным «Астана» футбол клубының басшылығына ұнаған болуы керек. Маған ұсыныс түскенде, мен өз отбасыммен ақылдасып, көп ойланбастан келісім бердім.
- Жаңа команда сапында өзіңізге қандай міндет жүктейсіз?
- Мен команда алдына жүктелген барлық міндетті орындауға, қолымнан келгеннің барлығын жасауға тырысамын. Чемпиондар лигасында, я болмаса Еуропа лигасының топтық кезеңінде доп тепкім келеді. Бұл мен үшін де, команда үшін де өте маңызды. Менің соққан голдарым командамыздың жеңістеріне көмектеседі деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер