Бокс

Ғалым Кенжебаев олимпиадалық іріктеу турнирінің кейінге шегерілуі туралы айтты

Ғалым Кенжебаев олимпиадалық іріктеу турнирінің кейінге шегерілуі туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Спортшылар наурыз айында өтетін Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындық үстінде. Естеріңізде болса, Халықаралық Олимпиада комитеті мен жергілікті ұйымдастыршылар 3 ақпан күні Қытайдың Ухань қаласында басталуы тиіс турнирді қауіпті вирусқа байланысты кейінге шегерген болатын. Бокстан команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, лицензиялық турнирдің кейінге қалуына қатысты пікірімен бөлісті.

- Токио Олимпиадасына жолдама тарататын екі турнир бар. Соның бірі - Азия аймақтық іріктеу бәсекесі 3 ақпанда басталуы керек еді. Алайда, Қытайдағы қауіпті коронавирусқа байланысты кейінге қалды. Әрине, адамдардың денсаулығы бірінші орында. Сол себепті, турнирдің орнын ауыстырғаны өте дұрыс шешім. Бізде дайындық үшін әлі бір ай уақыт бар. Жолдамаға талас наурызда өтеді. Ал оған дейін біз тағы бір жаттығу жиынын өткізіп, дайындықты үдете түсеміз. Сегіз салмақ дәрежесінің барлығында лицензияға иелік етуді жоспарлап отырмыз. Дегенмен, Азия боксының қарқыны жоғары екенін ұмытпауымыз қажет. Мысалы, 52 келіде әлем чемпионатында жүлде алған спортшылардың үшеуі - азиялықтар. Сондықтан, әрбір қарсыластың біз үшін қаупі үлкен екенін ұмытпау қажет, - дейді Кенжебаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер