Басқа

Асәділов Премьер-лига турнирінің жартылай финалына шықты

Асәділов Премьер-лига турнирінің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Парижде каратеден Премьер-лига кезеңінің бірінші жарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған Дархан Асаділов жарысты сәтті бастады. Жартылай финалға дейін бірінші украиналық спортшыны 2:0 есебімен, одан кейін 6:1 есебімен грекиялық спортшыны жеңді. Одан кейінгі қарсыласы Евгений Плахутинді 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда қазақстандық каратеші әлем чемпионы бразилиялық Дуглас Брозді жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Енді оның финалдағы қарсыласы түркиялық Самадан Ерай болмақ. Жарыстың финалдық кезеңі жексенбі күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер