Әлем футболы

Семак «Зенитпен» келісімшартын ұзартты

Семак  «Зенитпен» келісімшартын ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» директорлар кеңесінің төрағасы Елена Илюхина команданың бас жаттықтырушысы Сергей Семакпен келісімшартты ұзарту туралы шешім қабылдағанын хабарлайды, деп жазады Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Директорлар кеңесі Семакка маман ретінде толықтай сенеді, келісімшартты ұзарту туралы шешім қабылданды», - дейді Илюхина.

Семак пен «Зенит» арасындағы қазіргі келісім осы жазға дейін есептелген. Маман петерборлық команданы 2018 жылдың мамыр айында қабылдап алып, 2018/2019 маусымда команданы Ресей чемпионы етті.

Қазіргі уақытта Санкт-Петербург командасы Ресей премьер-лигасының турнирінде бірінші орында. Семак шәкірттері 19 турда 45 ұпайға ие болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер