ММА

Шавкат Рахмонов келесі қарсыластың есімін білді

Шавкат Рахмонов келесі қарсыластың есімін білді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ММА Федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Дүйсенов Instagram парақшасында хабарлады.

«UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіндегі Шавкат Рахмоновтың алғашқы қарсыласы (12-0), Бартош Фабинский (14-3, UFC құрамында 3-1) болмақ. Польшаның тәжірибелі және өте мықты файтері!

Лондон. 1 наурыз. UFC Fight night 171.

Біздің спортшыға сәттілік және жеңіс тілейміз! », - деп жазды Дүйсенов.

Фабинский сегіздікке соңғы рет 2018 жылдың 17 қарашасында шықты. Сол күні поляк Майкл Празерестен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер