РЕСМИ: Тигран Барсегян «Астана» ойыншысы атанды

РЕСМИ: Тигран Барсегян «Астана» ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Португалияда толық медициналық тексеруден өткеннен кейін «Астана» футбол клубымен келісімшартына қол қойды. Бұл туралы елордалық клуб ресми мәлімдеді.

26 жастағы футболшы елорда командасы сапына ауысқанға дейін өз Отанында «Бананц», «Гандзасара», «Мика» және де македониялық «Вардар», сондай-ақ қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсеткен.

Армениялық футболшы өткен маусымда өз командасымен Қазақстан Кубогын иеленіп, ел біріншілігінің үздік сұрмергендері қатарына енген болатын.

Тигран БарсегянАрмения құрамасы сапында 28 ойын өткізіп, 5 гол соққан. Тигранмен келісімшарт 2 жыл мерзімге жасалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер