Бокс

Азия аймақтық іріктеу турнирі өтетін уақыты белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі өткізілетін жаңа мерзімді анықтады деп хабарлайды Olympic.kz.

«ХОК-тың бокс бойынша жұмыс тобы мен Қытайдың Олимпиадалық комитеті Уханьдағы коронавирус инфекциясының таралуын жіті қадағалауда. Спортшылар мен ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 3-14 ақпан аралығында бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына азия аймақтыұ іріктеу турнирін өткізуді кейінге қалдырды.

Іріктеу турнирінің өткізілу мерзімі – 3-11 наурыз. Қазіргі кезде жарысты өткізетін орын қарастырылуда. Бір анығы, турнир Қытайда ұйымдастырылмайды. Жұмыс тобы турнирді қабылдайтын мемлекет пен қаланы анықтағае бойынша, барлық Ұлттық федерацияларға хабар таратылады», - делінген ХОК-тың ресми хатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер