Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев Тель-Авив Гран-приінде жеңіліс тапты

Ғұсман Қырғызбаев Тель-Авив Гран-приінде жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан рейтингілік әлемдік Гран При кезеңі басталды.

Жарыстың бірінші күнінде ерлер 60 және 66 келіге дейінгі, әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақта белдесуде.

60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Ғұсман Қырғызбаев жарыстың үшінші айналымында жеңіліс тапты. Додаға екінші айналымнан қосылып, алғашқы қарсыласы Давлатали Назаралиевті (Тәжікстан) ұтқан болатын. Одан кейінгі қарсыласы Никоель Фокадан (Молдова) жеңіліп қалды.

Әйелдер арасында Ақмарал Науатбек жапониялық Нацуми Цунодадан бірінші кездесуінде жеңілді.

Айта кетерлігі, бүгін Гран Приде Мағжан Шамшадин, Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов, Севара Нишанбаева және Анна Казюлина жарысқа қатысып жатыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер