ММА

Артем Резников: Жас спортшыларға қолдау керек

Артем Резников: Жас спортшыларға қолдау керек
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Артем Резников 6 наурыз күні Алматыда AСA 105 турнирінде өнер көрсетер алдында өзінің жекпе-жекке дайындығы және республикадағы аралас жекпе-жек мәселелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz, Inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

Наурыз айының басында "Almaty Arena" мұз сарайында қазақстандық спортшы ресейлік Хамзат Аушевке қарсы жұдырықтасады. Кездесу жеңіл салмақ дәрежесі (70 келі) аясында өтеді, Резников үшін бұл ресейлік АСА-ММА промоушеннің қамқорлығымен өтетін екінші жекпе-жек болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өтетін ACA компаниясы ұйымдастыратын Қазақстан аумағында екінші турнир: біріншісі – ACE 102 – өткен жылдың қараша айында өткен еді. Ол кезде Резников жарысқа қатысқан жоқ.

- ACA 102 турнирі өз жерімізде өтетініне және сол кешке қатысатыныма қуаныштымын. Қарашадағы турнирге қатыса алмаған кезде ұнжырғам түскен еді. Себебі қазан айында Грозныйда төбелестім. Бір ай ішінде салмақты қалыпқа келтіріп, толық дайындықтан өту өте қиын.

- Соңғы жекпе-жектен кейін қалыпқа келу қалай өтті?

- Тамаша, жекпе-жектен кейін үш апта демалдым. Ауыр жарақат алған жоқпын. Алайда, кішігірім жарақат міндетті түрде болады: иықты, арқаны ауырсыну дегендей. Қазір бәрі жақсы.

- 2019 жылдың қараша айында Алматыда өткен ACA 102 турнирі жұлдыздарсыз өтті. Турнирге бірнеше ардагерлерді қатыстыру дұрыс болды ма?

- Турнирді өз дәрежесінде жарнамалай алмады. Оның үстіне, қазақстандық файтерлердің бәрі осы турнирге дейін өз жекпе-жектерін өткізіп қойды.

– Қазір компания барлық топ спортшыларды жинап, осы олқылығын түзетуге тырысып жатыр...

– Толықтай келісемін. Қарсыластар өте мықты.

- Жаттығудан басқа ойды жинақтауға не көмектеседі?

- Жазды қатты жақсы көремін, тауға шыққан ұнайды. Жүзу де жаныма жақын. Сондай ақ, суда жүзетін мотоциклдерді жақсы көремін. Қыс айларында тек жаттығамын. Бұл мезгіл маған ұнамайды. Шаңғымен, конькимен сырғанау өте қауіпті. Жарақат алып қалуын мүмкін.

- Халиевпен болған жекпе-жектен кейін сіз Омбыға бардыңыз. Сапарыңыз қалай болды?

- Менің досым Александр Сарнавский күрес жағынан көмектесуді өтінді. Мен Саша Сарнавскиймен достасқаныма өте қуаныштымын. Омбыда Александр Шлеменко, Андрей Корешков сияқты мықты балуандар бар. Ол сол жерде шағын жаттығулар өткізді.

- Омбыдағы «Шторм» залында шеберлік сабағын өткізу қаншалықты әсерлі болды?

- Танымал залда сабақ өткізу, әрине, жақсы. Егер басқаларға пайдалы болса, мен әрқашан өз тәжірибеммен және біліміммен бөліскенді жақсы көремін.

- Қазақстанда ММА-ға демеушілік көрсету жағы қалай?

– Көптеген жігіттердің жолын байлап жүрген осы мәселе. Егер қолдау болса, онда спортшылар жақсы нәтиже көрсетер еді. Иә, қазір табысқа қол жеткізген спортшыларға қолдау бар, ал жастарға ондай көмек жоқ. Сондықтан, жаттығумен қатар, жұмыс та істеуге тура келеді. Өзім екі жыл оққағар болып жұмыс істедім. Таңертең жаттығудан кейін жұмысқа барып жүрдім.

- Қазір демеушілермен жағдай қалай өзгерді?

- Қазір жаман емес, демеушілер бар. Сыйақы көбейіп, жағдай да оңала бастады. Мысалы, бір жыл оққағар болып істеген кездегі тапқан қаражатты АСА қол астындағы бір жекпе-жекте таптым. Әрбір жекпе-жекпен келісімшарт бойынша табыс өседі. Жақсы жағдай жасалған. Біз де тырысамыз.

– Жастар арасындағы ММА-да дағдарыс бар ма?

- Бар, егер қолдау көрсететін бай ата-анаң болмаса, онда өте қиын. Әкем болмаса, мен де бұл спорттан кеткен болар едім. Себебі, ол кісі нағыз жанкүйер. Ол еркін күрес залын ашты. Спортшылардан мүлдем ақша алған жоқ. Мен ММА-ға барамын деп айтқан кезде, ол мені қолдады. Алғашқы уақытта қатты көмектесті. Спортшылар әрдайым жаттығуларға кедергі келтірмейтін жұмыс таба алмайды. Егер демеушілер жас спортшыларға көмектессе, көптеген жігіттер жақсы нәтиже көрсетеді. Иә, бізде тәжірбиелі ардагер спортшылар бар, бірақ жастар аз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер