Басқа

Жансая Әбдімәлік халықаралық шахмат турнирінің екі партиясында жеңіске жетті

Жансая Әбдімәлік халықаралық шахмат турнирінің екі партиясында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Гибралтарда өтіп жатқан Gibraltar International Chess Festival 2020 халықаралық шахмат турнирінде қазақстандық шебер Жансая Әбдәмәлік Masters санатында қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы екі ойынында 20 жастағы қазақстандық шахматшы 100% нәтижеге қол жеткізді. Бірінші турда Жансая бельгиялық ардагер Энди Баэртаны қара фигурамен жеңсе, екінші айналымда ақ фигурамен ирандық гроссмейстер Амин Табатабаиды ұтып кетті.

Жансая Әбдімәлік алғашқы екі турда 2 ұпай жинаған 34 спортшының қатарында. Үшінші раундта Жансай 22 жастағы итальяндық гроссмейстер Пьер Луиджи Бассомен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер