Бокс

Қазақстандықтар Жүкембаевтың жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалайды

Қазақстандықтар Жүкембаевтың жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық бокс жанкүйерлері Батыр Жүкембаевтың (17-0,13 КО) кезекті жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда Батыр өзінің WBA Continental Americaas және IBF Inter-Continental континентальдық чемпиондық белбеуін аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен (12-3-1, 4 KO) қарсы жекпе-жекте қорғайды деп жоспарланған болатын, бірақ оңтүстікамерикалық боксшы Канада визасын ала алмады.

Енді Жүкембаевтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық боксшы Рикардо Лара болмақ (22-7, 10 КО).

Жүкембаев - Лара кездесуінің тікелей эфирін «Хабар» телеарнасы жүргізеді, эфир Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:30-да басталады.

Фото thefightcity.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер