Әлем футболы

The Sun: «Тоттенхэм» футболшылары Моуриньодан мезі болды

The Sun: «Тоттенхэм» футболшылары Моуриньодан мезі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Тоттенхэм» футболшылары команданың бұрынғы бапкері Маурисио Почеттиноны сағынып жүр, деп жазады Prosports.kz.

The Sun порталының мәліметінше, лондондық команданың ойыншылары Жозе Моуриньоның жаттығуларын қызықсыз, қазіргі футболдың талабына сай емес, ескірген деп санайды. 56 жастағы португал жаттығу жұмыстарының басым бөлігінде алыс пастарға мән береді екен. Ал футболшылар болса, бұны төменгі лигалардағы командалардың тактикасы деп есептейді.

Айта кетейік, Моуриньо өткен жылдың қараша айында «Тоттенхэм» тізгінін ұстады.

АПЛ-да 24 турдан кейін команда сегізінші орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер