Премьер-лигаға оралған «Қызылжардың» бюджеті қанша?

news-banner7
mobile-news-top

Ұзақ жылдардан бері алғаш рет Премьер-лигаға жолдама алған «Қызылжар» командасының бюджеті белгілі болды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше, облыс бюджетінен «Қызылжар» клубына 920 миллион теңге бөлінген.

Бұл ел чемпионатының өзге командаларымен салыстырғанда көп қаражат емес. Мысалы, Қостанай облысы футбол командасына 2 миллиард теңге бөлсе, Шымкентте «Ордабасы» командасы 6,2 миллиард қаржы алған.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер