Бокс

«Канелоның» промоутері Головкинмен болатын үшінші жекпе-жектің басты шартын айтты

news-banner7
mobile-news-top

WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канелло» Альварестің мүддесін жақтаушы промоутер Оскар де ла Хойя мексикандықтың IBF және IBO белбеуінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын үшінші жекпе-жегі туралы айтты.

Оскардың сөзіне қарағанда, үшінші айқастың тағдыры Альварестің қалауына байланысты:

— Әрине, халықтың осы айқасты көргісі келетіні сөзсіз, бірақ шешімді «Канело» қабылдайды. Жақында біз кіммен жекпе-жекке шығатынымызды шешеміз, — деді Golden Boy Promotions басшысы ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

«Канелоның» рингке оралуы 2 мамырға жоспарланып отыр, бірақ қарсыласы әлі анықталған жоқ. Ал Головкиннің келесі жекпе-жегі 28 наурызда Чикагода өтеді, қарсыласы - польшалық Камил Шеремета.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер