ММА

Шавкат Рахмонов UFC-де қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі

Шавкат Рахмонов UFC-де қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді UFC ұйымымен қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып келісімшартқа отырған Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

Спортшының менеджері Саят Абдрахманов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі туралы құпияны ашты.

- Шавкат жақын уақытта толыққанды дайындығын бастайды. Оның командасы дайындықты жоспарлап, UFC-дегі дебютті жекпе-жекке жаттығу бастамақ. Күні кеше Шавкат Рахмонов жекпе-жектің келісімшартына қол қойды. Ол 21 наурыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде сегізбұрышқа шығады. Қарсыластың есімі де белгілі. Қазір оны Шавкат командасымен бірге зерттеп жатыр.

Шавкаттың қарсыласы қарымды екенін ғана айта аламын. UFC-де бірнеше жеңіске жеткен. Шавкат үшін бұл жекпе-жек сынақ тәрізді болады, - дейді Саят Абдрахманов.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер