Бокс

Фируза Шарипова Еуропа чемпионы атағына таласу үшін рингке оралады

Фируза Шарипова Еуропа чемпионы атағына таласу үшін рингке оралады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясы (KFPB) Фируза Шарипованың есімін Еуропалық бокс одағына (EBU) жыл сайынғы мүшелік жарнасын төлейтін боксшылар тізіміне енгізді. Федерацияның вице-президенті Виталий Демьяненко өз сөзінде ұйымның бас хатшысы Энцу Джакопониді бұл ақпараттан хабардар етті, деп жазады Prosports.kz.

Федерацияның бұл шешімінің арқасында Фируза Шарипова рейтингтің үздік боксшыларының ТОП-15 тізіміне енеді, содан кейін ол Еуропа чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Еске салсақ, Франциядан келген әлем чемпионы, әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі Майва Хамадуш Фируза Шарипованы Қазақстанда жекпе-жекке шақырған еді. Ол IBF және WBA нұсқалары бойынша ең беделді екі чемпиондық титул үшін таласуды ұсынды.

Бұған дейін Шарипова өзінің чемпиондық жекпе-жегіне тиісті қаражат бөлінбегендіктен мансабын аяқтайтынын мәлім еткен болатын.

Федерация Али Ахмедов, Али Балоев, Қанат Ислам және Жан Кособуцкий секілді басқа да қазақстандық боксшылардың мүшелік жарнасын төлейді.

Фируза Шарипов көмек сұрайды

Фируза Шарипова мансабын аяқтайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер