Велоспорт

Александр Винокуров: Токио Олимпиадасының үш жолдамасы қоржынымызда

Александр Винокуров: Токио Олимпиадасының үш жолдамасы қоржынымызда
news-banner7
mobile-news-top

«Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров Prosports.kz сайтына берген сұхбатында 2019 жылды қорытындылап, Олимпиадаға дайындық туралы айтып берді.

«2019 жыл Қазақстан велоспорты үшін нәтижелі маусымның бірі болды. Барлық жарыста 40 мәрте жеңімпаз тұғырынан көріндік. Оның 14 жүлдесін қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Алексей Луценконың өзі 10 мәрте жүлдегер атанған. Қазақстан құрамасы сапында да жүлде алды.

Сондай-ақ 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 19-орынға жайғасты. Осының арқасында 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасының мүмкін болған бес жолдамасының үшеуін қоржынымызға түсірдік. Гранд-турда жеңіс тұғырынан көрінбесек те, 2019 жылы Қазақстан велоспорты үшін өте сәтті өтті деуге болады.

Биыл «Astana Pro Team» командасы 15-ші маусымын бастайды. Көп қиындықтан өттік, біраз нәтижеге жеттік. Дегенмен алар асуымыз әлі алда деп ойлаймын. Жаңа маусымға дайындығымыз жоғары, жеңіске құштарлығымыз күшті. Биыл өткен жылға қарағанда жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көбірек көрінеміз деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастарға сенім артып жүрміз. Елімізде мықты шабандоздар буыны өсіп келеді. Биыл Олимпиада жылы болғандықтан маңызды шара өте көп. Шабандоздарымыз Олимпиадаға дайындалып, жоғары нәтиже көрсетуге тырысады», - деді Винокуров.

Естеріңізге сала кетсек, қазір «Astana Pro Team» командасының сапында 28 шабандоз бар. Олардың 10-ы қазақстандық спортшы болса, қалғаны - шетелдік легионерлер. Биыл «Джиро д’Италия» көпкүндігінде команданы Якоб Фульсанг бастап шықса, Мигель Анхель Лопес «Тур де Франсқа» қатысуды жоспарлап отыр. Ал Алексей Луценко «Фландрия туры» мен Арденн классикалық жарыстар сериясына дайындалып жатыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер