«Оқжетпес» алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

«Оқжетпес» алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Көкшетау «Оқжетпес» футбол клубының негізгі құрамы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Команда 6 қаңтардан 20 қаңтарға дейін команда екі апталық жаттығу жиынын өткізді. Осы аралықта көкшетаулықтар үш жолдастық матч өткізді.

Андрей Карпович шәкірттері 11 қаңтарда өткен алғашқы ойында венгриялық MTK-дан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Содан кейін «Оқжетпес» Румынияның «Волунтари» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Ал 19 қаңтарда өткен соңғы ойында «Балтикадан» 1:2 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, «Оқжетпес» келесі оқу-жаттығу жиынына 25 қаңтарда бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер