Басқа

Таеквондодан Қазақстан командасы жаттығу жиынын Талғарда өткізіп жатыр

Таеквондодан Қазақстан командасы жаттығу жиынын Талғарда өткізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда мүшелерінің алдында Азия чемпионатында жақсы нәтиже тіркеп, лицензиялық турнирде жолдама жеңіп алу міндеті тұр. Бұл туралы аға жаттықтырушы Батырбек Есдәулетов айтты.

«Қазіргі таңда қазақстандық таеквондошылар Алматы облысында оқу-жаттығ жиындарын өткізуде. 31 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында өтетін халықаралық турнирге аттанамыз. Ал ақпан айының оныншы жұлдызына таман Оңтүстік Кореяда бірлескен жаттығу жиынына қатысамыз. Осыдан соң, наурызда өтетін Азия чемпионаты мен сәуірде өтетін лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар іріктеледі. Азия біріншілігі Ливанның Бейрут қаласында, лицензиялық турнир Қытайдың Уси қаласында ұйымдастырылмақ. Біздің басты мақсат – Олимпиада ойындарына жолдама алып, құрлық додасынан жүлдемен оралу», - дейді аға бапкер.

Айта кетелік, әзірге қазақстандық таеквондошыларда Токио Олимпиадасының лицензиясы жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер