Әлем футболы

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Түркия чемпионатына ауысты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Түркия чемпионатына ауысты
news-banner7
mobile-news-top

31 жастағы «Қайраттың» экс-футболшысы Жерар Гоу Түркия чемпионатындағы «Қасымпаша» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшының соңғы жұмыс орны Қытайдың БСУ (2019 жылға дейін «Бейцзин Энтерпрайзес») клубы болған еді. Гоу Қытайдың екінші дивизионында 48 матч өткізген және 31 голдың авторы атанып, 7 нәтижелі пас берген.

Еске сала кетелік, Жерар Гоу алматылық клуб сапында 2014-2017 жылдары ойнады. Премьер-лиганың 102 матчында 80, Еуропа лигасының 19 ойынында 11 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер