Беларусь қақпашысы «Каспийге» ауысудан бас тартты

Беларусь қақпашысы «Каспийге» ауысудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Беларусь қақпашысы Дмитрий Гущенко «Каспийге» ауыспауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz Football.by сайтына сілтеме жасап.

Қақпашы қазақстандық клубтың қаралымында болған, бірақ соңында «Витебскіге» оралуға шешім қабылдады. Өткен маусымда ол Жоғарғы лиганың 24 матчына қатысқан. Сонымен қатар, ол «Мяскомбинат», «Славия-Мозырь», «Динамо» (Минск) және «Белшина» сияқты клубтарда ойнады. Гущенко Беларусь жастар құрамасында 2011 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер