ММА

Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегін 20 наурызда өткізуі мүмкін

Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегін 20 наурызда өткізуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметовтің октагонға оралатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz

One Championship промоушенінің баспасөз қызметінің өкілдері Ахметов 20 наурызда Вьетнамда өтетін Heart of Heroes туринирінде өнер көрсетуі ықтимал деді.
Қайрат Ахметов One Гран-При турнирінде сәтті өнер көрсетіп бастаған болатын. 2019 жылдың 19 наурызында Рис Макларенді төрешілер шешімен жеңген еді. Тамыж айында турнирдің жартылай финалында өнер көрсетуі керек еді. Бірақ жарақатына байланысты қатыса алмады. Қазіргі кезде Ахметов жарақатынан емделіп, қайта қалпына келіп жатыр.
Қайрат Ахметовтің келісімшарты бойынша сингапурлық One Championship промоушенінде тек бір жекпе-жек қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер