Әлем футболы

Видео.Түркияның үшінші лигасында қызықты жағдай орын алды

Видео.Түркияның үшінші лигасында қызықты жағдай орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Түркияның үшінші лигасы аясында «Ушакспор» мен «Велимешеспор» командаларының арасындағы кездесуде қызықты жағдай орын алды.

Ойынның соңғы минутында төреші алаң иелерінің қақпасына пенальти белгілейді. Қақпашы пенальтиді қайтарған соң, төреші қақпашыға сары қағаз беріп, қайтадан пенальти тепкізеді. Екінші ретте қақпашы шеберлігімен танылып допты қайтарады. Бірақ төреші қақпашыға екінші сары қағаз беріп, алаңнан қуады. Қақпашының орнына алаң иелерінің қорғаушысы тұрады. Үшінші 11 метрлік айып добын қорғаушы алып шығады. Осылайша соңғы минутта үш рет тебілген пенальтидің бірде-біреуі қақпаға дарымады. Есеп 2:0 «Ушакспордың» пайдасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер