ММА

«Қорқақтың ісі». Джастин Гэтжи Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырды

«Қорқақтың ісі». Джастин Гэтжи Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырды
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің америкалық файтері Джастин Гэтжи ирландиялық Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Макгрегор мен америкалық Дональд Серроне жекпе-жегінен кейін ирландиялықты кездесуге шақырғандар бар. Солардың бірі - америкалық Джастин Гэтжи. UFC файтері Макгрегорды мақтап, оны жекпе-жекке шақырған.

"Бұл жігіт мықты. Бірақ мұндай жекпе-жекті қабылдау - қорқақтың ісі. Менің есімімді ата, Конор", - деді Гэтжи.

Джастин Гэтжи соңғы жекпе-жегінде Макгрегордың кешегі қарсыласы Дональд Серронені бірінші раундта жеңген болатын. Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өткен кездесуде Макгрегор Серронені 40 секундта жеңген еді.

Оқи отырыңыз:

Серроне - Макгрегор кездесуіне бәс тіккен блогер миллион еуродан айырылды

Хабибтің әкесі: Конормен реванш? 100 миллион еуро дайындаңыздар!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер