Басқа

Александр Савин семсерлесуден әлем кубогында жүлдеге ілікті

Александр Савин семсерлесуден әлем кубогында жүлдеге ілікті
news-banner7
mobile-news-top

19 қаңтар күні Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан комадасының төрт спортшысы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Александр Савин қола жүлдегер атанды. Кирилл Павлов 8-ші, Святослав Аксенов 11-ші, Ильхамжан Анаркулов 16-орынға табан тіреді.

Алтын медаль ресейлік Дмитрий Швелидзенің еншісінде. Күміс медаль италиялық Джулио Гаетиниге бұйырса, екінші қоланы жүлдені Ресей өкілі Владимир Толасов иеленген.

Жарысқа жалпы есебі 61 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер