Теннис

Қазақстандық теннисші Антальяда топ жарды

Қазақстандық теннисші Антальяда топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева қытайлық Эсинь Мамен бірге түркиялық Антальяда ITF сериясындағы турнирде жеңіпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейлік дуэт Анна Уреке мен Ксения Ласкутованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, жекелей сында қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Хуэргодан жеңіліп, жарысты екінші айналымда аяқтады.

Құламбаева бұған дейін Қытайдағы ITF турнирінің абсолют чемпионы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер