«Қайрат» Гуральскиді қаншаға сатып алды?

«Қайрат» Гуральскиді қаншаға сатып алды?
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» польшалық Яцек Гуральскиді қаншаға сатып алғаны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Беделді Transfermarkt порталының деректеріне сүйенсек, алматылық клуб Гуральски үшін миллион еуро төлеген. Ал футболшының трансферлік бағасы - 3 миллион еуро.

Айта кетейік, 27 жастағы хавбектің «Қайратқа» ауысқаны туралы ресми түрде 19 қаңтарда белгілі болған. Футболшы алматылық клубпен үш жылдық келісімшартқа отырды.

«Қайратқа» дейін Гуральски болгариялық «Лудогорец» сапында ойнаған еді. Бұл клубта ол 2017 жылдан бері өнер көрсеткен.

«Қайраттың» жаңа ойыншысы 2016 жылы қарашада Польша құрамасы сапында дебютін өткізген. 2018 жылы жазда футболшы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер