ММА

Кәрім Мәсімов Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығының құрметті президенті атанды

Кәрім Мәсімов Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығының құрметті президенті атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығының II конгресі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығы үшін 2019 жыл өте жемісті болды. Осылайша, өткен жылы қауымдастық елімізде 17 аймақтық және екі халықаралық жекпе-жек фестивалін өткізді. Биыл бізді жаңа белестер күтіп тұр. 2020 жылы біз студенттер арасында FISU Муайтайдан Әлем чемпионатын ұйымдастыруды жоспарладық. 20 елден 300-ге жуық спортшы келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Семейде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған жекпе-жек фестивалін өткізу жоспарлануда», - деді Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының басшысы Кәрім Мәсімов.

Осыдан кейін Мәсімов Қауымдастық басшылығындағы бірқатар өзгерістер туралы жариялады, сонымен қатар Әнуар Садықұловты вице-президент етіп тағайындауды ұсынды. Өз кезегінде Садықұлов қауымдастықтың құрметті президенті қызметіне Мәсімовті ұсынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер