Теннис

Рыбакина: Екі аптада екі финал өткізу керемет нәтиже

Рыбакина: Екі аптада екі финал өткізу керемет нәтиже
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Хобарттағы WTA сериялы турнирінің финалындағы жеңісі туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екі аптадағы екі финал және бүгінгі жеңіс - керемет нәтиже. Маған осы жерде ойнаған ұнады. Бізге қолдау білдіргендердің барлығына рахмет. Келесі жылы да келемін деп үміттенемін », - деді өзінің бақытты екенін жасырмаған Рыбакина.

«Мен бапкеріме алғыс айтқым келеді. Менен көмегін аямаған барша жанға да. Кешегі жарақаттан кейін мені емдеп жазған дәрігеріме рахмет. Бұл апта тамаша өтті», - деді матчтан кейін қазақстандық теннисші.

Еске сала кетелік, бұл оның мәнсабындағы екінші және осы маусымда бірінші жүлдесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер