Хоккей

Өскемендік «Алтай» шабуылшысы ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады

Өскемендік «Алтай» шабуылшысы ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

ЖХЛ-дағы «Алтай» шабуылшысы Герман Шапорев ҚХЛ Жұұлдыздар матчында Бобров дивизионында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысушыларды таныстыру рәсімінде 2020 жылғы Шақыру кубгының 4 ойыншысы да таныстырылды. Оларды командалардың бас жаттықтырушылары көрмей таңдайды. Сонымен, Бобров дивизионының жаттықтырушысы Алексей Кудашов өзінің командасына Герман Шапоревты таңдады. Жас ойыншылар ойын жейделерін капитандардың қолынан алды.

Еске сала кетейік, ҚХЛ Жұлдыздарының матчына қазақстандық клубтың тағы бір өкілі қатысады - Чернышев дивизионында «Барыс» ХК қорғаушысы Даррен Диц ойнайды. Оның үстіне Қазақстан құрамасының хоккейшісі капитан болып тағайындалды. Диц «Жұлдыздар матчына» қатарынан екінші маусымда шақырылады. Алайда ауа-райының қолайсыздығынан ойыншыларды таныстыру салтанатты шарасына қатыса алмады.

Айта кетелік, ҚХЛ Жұлдыздар матчы 18-19 қаңтар күндері Мәскеу қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер