Әлем футболы

Кипрде футбол төрешісінің көлігіне жарылғыш зат қойылған. Ұлттық чемпионат тоқтап тұр

Кипрде футбол төрешісінің көлігіне жарылғыш зат қойылған. Ұлттық чемпионат тоқтап тұр
news-banner7
mobile-news-top

Кипр чемпионаты төрешілердің бірінің өміріне қастандық ұйымдастырылуы себебінен тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz Futbol Arena порталына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, шабуылдаушылар судьяның көлігіне бомба қойып, қашып кеткен. Оқиға 33 жастағы төрешінің үйіндегі автотұрақта болған. Жарылыстан кейін көлікке үлкен шығын келді. Жарылыс кезінде төрешінің өзі көлікте болмаған. Оқиғадан кейін Кипр футбол федерациясы чемпионаттың уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Бір қызығы, бұған дейін Кипрдің «Омония» клубы УЕФА мен ФИФА ұйымдарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты ел футболының жағдайына араласу туралы өтінішпен жүгінген. Омониялықтар клубтың бұған дәлелі жеткілікті екенін айтты.

Кипр чемпионатындағы 16 турдан кейін «Анортосис» алда келеді. «Омония» 4 ұпай кем жинап, бір матч артық ойнап, екінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер