Теннис

Australian open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Australian open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтетін Australian open-2020 турнирінің бірінші айналымында кездесетін жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан бұл турнирге Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Елена Рыбакина қатысады. Сонымен қатар, Дмитрий Попконың да негізгі кезеңге шығуға мүмкіндігі бар, ол үшін квалификациялық кезеңнен сүрінбей өтуі керек.

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары:

Бублик жергілікті теннисші Джордан Томпсонмен кездеседі. Кукушкиннің де жолы жергілікті теннисшімен түйісті. Оның қарсыласы - Марк Полман.

Рыбакина америкалық Бернард Перамен, Путинцева қытайлық Тайбэй спортшысы Су-Вей Семен бақ сынасады. Ал Дияс америкалық Аманда Анисимовамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер