Бокс

GGG келесі жекпе-жегіне дайындық жоспарын өзгертті

GGG келесі жекпе-жегіне дайындық жоспарын өзгертті
news-banner7
mobile-news-top

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жекпе-жекке дәстүрлі дайындықтан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист, әрі сарапшы Майк Коппинджердің жазуынша, спортшы алдағы жекпе-жекке SNAC базасында Виктор Контенің жетекшілігімен дайындалады.

«Головкин дайындықтың гуруі саналатын Виктор Контенің қол астында 10 күндік жаттығу лагерін өткізді және аталмыш базада жаттығу жиындарын толықтай өткізуге шешім қабылдады. Әдетте Big Bear базасында жаттығатын Головкин өзінің IBF титулын 28 наурызда Камил Шереметаға қарсы қорғауға дайындалып жатыр.

GGG 37 жаста және Конте осы жағына көп көңіл бөліп, оны қалпына келтіру жағын ойластырмақ», - деп жазды Майк.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер