Бокс

Әлімханұлының шаршы алаңға оралатын уақыты белгілі болды

Әлімханұлының шаршы алаңға оралатын уақыты белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы рингке оралатын күнін анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Боксшының бапкері Эгис Климас Instagram желісіндегі парақшасына Жәнібектің фотосын салып, ағылшын тілінде «Біз рингке наурыз айында ораламыз, анонстар мен хабарландыруларға құлақ түре жүріңіздер» деп жазды.

Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы чемпиондармен жекпе-жек өткізу мүмкіндіктері туралы жиі айтып жүр. Ол бұған дейін 8 кездесу өткізіп, оның жартысын нокаутпен, қалғанын сенімді түрдегі жеңіспен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер