Хоккей

«Барыс» - «Металлург» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Металлург» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, Нұр Сұлтанда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» - «Металлург» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл командалар арасындағы осы маусымдағы төртінші кездесу саналады. Бұған дейін барыстар екі кездесуде жеңіске жетсе (3:1 және 2:1Б), бір матчта қарсыластың асығы алшысынан түсті (1:2).

Турнир кестесінде қазақстандық команда үшінші орында тұр. Магнитогорскілік клуб алтыншы сатыда келеді.

Қос команданың соңғы ойындары жайлы айта кетер болсақ, «Барыс» өз алаңында «Салават Юлаевты» жеңді - 5:3, ал «Металлург» «Трактордан» 1:2 есебімен ұтылды.

«Барыс» - «Металлург» ойынының тікелей трансляциясы жергілікті уақытпен 19.30-да басталады. Матчты мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер