Григорчукке еуропалық құрамадан ұсыныс түсті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» клубының бұрынғы бас бапкері Роман Григорчукке Әзірбайжан құрамасынан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz «Динамоманияға» сілтеме жасап.
Елордалық клубтан кеткеннен кейін, украиналық бапкер ұзақ уақыт ұсыныссыз отырған жоқ, қазір ол Әзірбайжан футбол федерациясымен келіссөздер жүргізуде.
Еске салайық, Григорчуктің орнын жақында ғана Михал Билек басты. Чех маманы Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубындағы жұмысты бірге үйлестіреді.