ММА

Бақдос Олжабай NFC-22 турнирінде өнер көрсетеді

Бақдос Олжабай NFC-22 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Almaty Fight Academy клубының өкілі, қазақстандық файтері Бақдос Олжабайдың (4-1) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

23 жастағы Бақдос 31 қаңтарда Ақтауда өтетін NFC-22 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы 21 жастағы қырғызстандық Алжигит Еркебайулы. Бұл жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде (66 келі) өтеді.

Айта кетейік, қырғызстандық спортшы - джиу-джитсудан және валетудодан спорт шебері. Ал Бақдос Олжабай - ММА -дан спорт шебері. Жартылай жеңіл салмақта Bushido Qazaqstan Гран-приінің финалисі, грэпплинг пен еркін күрестен қала чемпионы.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер