Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Хобарт турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Хобарт турнирінің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына сүрінбей өтті.

Жарыстың екінші айналымында Елена Рыбакина франциялық Ализа Корнені жеңді. 1 сағат 35 минутқа жалғасқан кездесу 7:5, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.

Келесі кезеңде Елена Рыбакина аустралиялық Лизетт Кабрер есімді теннисшімен кездеседі.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер