Дзюдо

Айдын Смағұлов: Олимпиадаға жолдама саны туралы айту ерте

Айдын Смағұлов: Олимпиадаға жолдама саны туралы айту ерте
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Айдын Смағұлов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Олимпиада жолдамасы туралы айтып берді.

– Қазір біз Аустрияда жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Дайындық аяқтағаннан соң Израильдегі Гран-При сериясы турнирінде бақ сынаймыз. Дзюдошыларымыздың Олимпиада ойындарының жолдамасын Франциядағы жарыста алға мүмкіндігі бар. Олимпиада жолында тағы екі маңызды жарыс бар. Олар – Дюссельдорф пен Мароккода өтетін Grand Slam турнирі. Ал Азия чемпионаты мен Катардағы ТОП-32 «Мастерс» сериясы қорытынды жарыстар болмақ.

30 мамыр күні Олимпиада рейтингі тоқтатылады. Дәл сол кезде Токиодағы жарысқа қанша жолдама жеңіп алғанымызды нақты айтатын боламыз. Қазір жолдама саны туралы айту ерте. 100 келі салмақтан басқасында біздің спортшылар рейтингіде жоғары орналасқан.

– 60 және 66 келі секілді бәсекелестік жоғары салмақтар бар. Бұл туралы не дейсіз?

– Барлық турнирлер аяқталғаннан соң мықтысын анықтайтын боламыз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер