Олимпиада жүлдегері атанған жалғыз ирандық спортшы қыз елден кетіп қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызИран тарихында Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған жалғыз спортшы қыз елден саяси себептермен кетіп қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Nur.kz порталы жазды.
21 жастағы Кимия Ализаде 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында тхэквондадан қола жүлде алған.
Ол өзінің шешімі жайлы Instagram желісінде жариялады.
"Неден бастауыма болады? Сәлемдесуден бе, қоштасудан ба әлде көңіл айтудан ба?",- деп жазды спортшы.
Ализаде өзін "Иранда қаналған миллиондаған әйелдің бірі" деп есептейді. Бойжеткеннің сөзінше, ол Иранды әлемдік аренада таныстырғанда еркіндік сезіне алмаған.