Бокс

Геннадий Головкин әлем чемпионы атағын қашан қорғайды

news-banner7
mobile-news-top

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.

Инсайдерлер Майк Коппинджер (The Athletic) мен Дэн Рафаэльдің (ESPN) ақпараты бойынша Геннадийдің келесі жекпе-жегі 28 наурызда болады. Қарсыласы - польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО). Бокс кеші Чикагодағы польша диаспорасы көбірек шоғырланған Wintrust Arena-да өтеді.

Бұл - Головкиннің DAZN стриминг сервисімен жасасқан келісімшарт аясында болатын үшінші жұдырықтасуы және осы жекпе-жекте ол 5 қазан күні Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) жеңіп алған IBF және IBO титулдарын бірінші рет қорғайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер