Қысқы

Лозанна-2020: Конькимен жүгіру спортынан қазақстандықтар нәтижесі

Лозанна-2020: Конькимен жүгіру спортынан қазақстандықтар нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіру спортынан 500 метр қашықтықтағы бәсекелер аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жеңімпаздардар қатарынан табылмады. Алина Дауранова 13-ші орын алса, Дарья Гаврилова 25-ші орыннан көрінді.

Аталған спорт түрі бойынша Изабелла Гревельт (Нидерланды) үздік атанды. Джинджи Ван (Қытай) екінші орын алса, Юкино Ешидо (Жапония) үшінші орынға тұрақтады.

Жасөспірім ұлдардан Евгений Кошкин 21-ші орынға, Ақжол Нұралы 26-шы орынға жайғасты. Юдай Ямомота (Жапония) жеңімпаз атанса, Нил Ллоп (Испания) екінші, Живен Ксю (Қытай) үшінші болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер