Әлем футболы

«Барселона» басшылығы Хавимен келіссөз жүргізді

«Барселона» басшылығы Хавимен келіссөз жүргізді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Дохада «Барселона» басшылығы, бас директор Оскар Грау мен спорт директоры Эрик Абидаль клубтың аты аңызға айналған экс-футболшысы Хави Эрнандеспен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі кезде «Аль-Саддты» жаттықтырып жүрген 39 жастағы испаниялық ойыншы «Барселонаның» жаңа бапкері атануы бек мүмкін. Грау мен Абидальдың Хавимен кездескенде дәл осы мәселе талқыланды.

Хави футболшы ретінде «Барселона» сапында 1998 жылдан 2015 жылға дейін ойнады. Ол - Каталония клубының түлегі.

Бұған дейін «Барселонаның» қазіргі бас бапкері Эрнесто Вальверде Испания Суперкубогында «Атлетикодан» жеңілгеннен кейін қызметінен кетпейтіні туралы хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер